Атмосфералық ауаның және ауа-райының онлайн-трансляция жүйесі енгізу туралы

Жаңалықтар

Басқарма Қостанай қаласында 2019 жылғы 25 қарашадан бастап  атмосфералық ауаның және ауа-райының ағымдағы жай-күйі туралы деректердің онлайн-трансляциясын енгізді. Жүйе нақты уақыт режимінде LED-экранға «Қазгидромет» атмосфералық ауаның жай-күйін автоматты бақылау бекеттерінен деректерді береді.

Экранда бес ластаушы заттың концентрациясы туралы мәліметтер көрсетіледі: Қалқымалы бөлшектер РМ-10 (шаң), көміртегі тотығы (көмірқышқыл газ), күкірт диоксиді, оксид және азот диоксиді. Сондай-ақ, ауа-райы жағдайы көрсетіледі: ауа температурасы, атмосфералық қысым, желдің жылдамдығы және бағыты.

Дистанциондық бақылау ластаушы заттардың шығарындыларын үнемі қадағалауға мүмкіндік береді, сонымен қатар тұрғындардың атмосфералық ауа сапасы туралы мәліметтерге қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

Онлайн-трансляция жүйесі «Kostanay Plaza» СОО LED-экранында ұсынылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *