Орман шаруашылығы қызметкерінің күні салтанатты іс-шара

Жаңалықтар

2019 жылғы 18 қазанда Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Орман шаруашылығы қызметкерінің күнін мерекелеу қарсаңында, жоғары еңбек жетістіктері, орман шаруашылығы саласындағы көп жылдық еңбегі, ормандарды сақтау мен қорғаудағы, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен арттыруды қамтамасыз етудегі жетістіктері бар қызметкерлерге «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» омырауға тағатын белгілерін, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құрмет грамоталарын, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің құрмет грамоталарын салтанатты түрде табыс етті.