Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы «Параллель» туристік базасының жер телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

НҚА

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы
«Параллель» туристік базасының жер телімі шегінде
Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін,
оларды шаруашылықта пайдаланудың
режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы «Параллель» туристік базасының жер телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы «Параллель» туристік базасының жер телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.
  3. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                                                               А. Мұхамбетов

 


 

Қостанай облысы әкімдігі қауылысының жобасына
түсіндірме жазба

р/с
Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс
мәліметтердің тізбесі
Ескерту
1 Облыс әкімдігі қаулысы жобасының атауы Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы  «Параллель» туристік базасының жер  телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи  ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ММ)
3 Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі «Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы  «Параллель» туристік базасының жер  телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары» келісілген жоба негізіндегі «Рахат-2018» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші
4 Жоба Қазақстан Республикасының қандай  заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де актілер мен тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы
5 Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері Жерүсті суларының ластануын, қоқыстануын және тозуын болдырмау
6 Жоба қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдары Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау
7 Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар  

Талап етілмейді

 

8 Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері  

 

Барлық қажетті бұрыштамалары бар

9 Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданған және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер  

 

Қабылданбаған

10 Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі Жоқ

 

11 Өзге де мәліметтер Жоқ

 

Қостанай облысы әкімдігінің табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы» ММ
басшысы                                                                                         М. Шайымов

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *