Қостанай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы

НҚА

Әкімдіктің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 302  «Қостанай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 264-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы № 302 қаулысына (2018 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7975 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Түсіндірме жазба

Қосымша

Салыстырмалы кестесі

Қостанай облысының әкімі                                               А. Мұхамбетов

 

 

 Келісілді

«Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар

министрлігі Геология комитетінің «Солтүстікқазжерқойнауы»

Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті»

республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________________ С. Жақыпов

2019 жылғы «__» ___________

 

Келісілді

«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи

ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау

комитеті Қостанай облысы бойынша экология департаменті»

республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

__________________ В. Мұхамеджанов

2019 жылғы «__» ___________

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *