20.08.2019 ж. Балық және аңшылық шаруашылығы бөлімінің қызметі туралы есеп

Аң және балық аулау

Балық және аңшылық шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, әкімдікдің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Басқарма туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» (балық аулау, аң аулау) және «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

2019 жылдың өткен кезеңінде бөлім 624 қызмет көрсетті.

Бөлім өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

2019 жылдың өткен кезеңінде 71 өтініш қаралды.

Оның ішінде өтініштер саны:  жеке тұлғалар – 45

заңды тұлғалар – 26

Сонымен қатар, бөлім уәкілетті органның және облыстық өкілді органдардың қатысуымен аңшылық алқаптарын және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша Конкурс ұйымдастырады және өткізеді.

Бүгінгі күні Қостанай облысында 106 аңшылық шаруашылығы жобаланды, оның ішінде 102-і 25 аңшылық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілді, олардың 4-і резервте тұр. Аңшылық алқаптарының жалпы алаңы 16 млн. 648 мың 651 га құрайды, оның 16 млн. 483 мың 470 га бекітілген. Облыс аумағында жер үсті омыртқалы жануарлардың 401 түрі мекендейді, бұл Қазақстан фаунасы түрлерінің 57% құрайды, оның ішінде 336 құс, 65 сүтқоректілер.

Қостанай облысындағы балық шаруашылығы су айдындарының тізімі 805 су айдындары мен учаскелерінен тұрады. Оның ішінде пайдаланушыларға 225 су айдыны бекітілді, 2019 жылы 56 балық шаруашылығы су айдыны бекітілді, 580, табиғат пайдаланушылар саны – 154.

Байланыс мәліметтері 8(714-2) 53-04-10