Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстың № 4 хаттамасы

Қосымша ақпарат

Қостанай қ.                                                                                                            2019 жылғы «18» шілде

Конкурстың басталу уақыты 15 сағат 00 минут
Конкурстың аяқталу уақыты 15 сағат 50 минут

  1. Мына құрамдағы конкурстық комиссия:

Карплюк Сергей Алексеевич Қостанай облысы әкімінің орынбасары – комиссия төрағасы;

комиссия мүшелері:

Шайымов Мұрат Амантайұлы – «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы;

Молдағұлов Халимхан Айтқұлұлы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ басшысының орынбасары;

Попов Владимир Анатольевич – «Қазақ балық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қостанай облыстық Солтүстік филиалының тірек бекетінің меңгерушісі;

Сәрсенов Нұрқан Ақпарұлы –  Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының Қостанай облысы бойынша өкілдігі директорының м.а.

Омаров Байтас Ғалымжанұлы «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ балық және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы – комиссия хатшысы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 426 «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша конкурс өткізу жөнінде комиссия құру туралы» қаулысымен құрылған комиссия Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс жүргізді.

  1. Конкурсқа 1 қосымшаға сәйкес 6 конкурстық өтінім топтамасы түсті.
  2. Конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық өтінімдерді конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестігін қарап, қатысушылардың рейтинг көрсеткіштерін бағалап, пікірлер алмасып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1) Конкурсқа одан әрі қатысуға 2 қосымшаға сәйкес өтінімдерден бас тартсын;

2) жануарлар дүниесін пайдаланушыларға 3 қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілсін.

  1. Хаттаманың бір данасы Қостанай облысы әкімдігіне шешім қабылдану үшін жолдансын.

 

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстың

2019 жылғы «18» шілдедегі

№ 4 хаттамасына

1-қосымша

Конкурсқа түскен конкурстық өтінімдер тізімі

р/с

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә Өтінім берілген су айдынының және (немесе) учаскенің атауы
1 «Айтуар-МК» ЖШС Мендіқара ауданың Тұзкөл көлі
2 «Айтуар-МК» ЖШС Мендіқара ауданың Қарасор шатқалы
3 «Astana Trade Company» ЖШС Мендіқара ауданың Тұзкөл көлі
4 «Astana Trade Company» ЖШС Мендіқара ауданың Қарасор шатқалы
5 «А1 Limited Group» ЖШС Бейімбет Майлин ауданың Қарасор көлі
6 «А1 Limited Group» ЖШС Бейімбет Майлин ауданың Аласор көлі

 

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстың

2019 жылғы «18» шілдедегі

№ 4 хаттамасына

2-қосымша

 

Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерін

кері қайтарған қатысушылардың

ТІЗІМІ

№ р/с Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә Олар бекітіп алуға талаптанған балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің атауы  

Өтінімді кері қайтарудың себебі

1 «Айтуар-МК» ЖШС Мендіқара ауданың Тұзкөл көлі Ереженің 55-тармағына сәйкес келмейді* (құжаттардың болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі: негізгі құралдардың болуы туралы анықтамада берілген күні көрсетілмеген (Ереженің 6-1-қосымшасы); Балық шаруашылығы субъектілерінің даму жоспары бекітіп берудің барлық мерзіміне жасалмаған (Ереженің 47-тармағы 2-тармақшасы); әріптеспен жасалған шартта артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологияларды беру және енгізу және оларды ҚР аумағында енгізу бойынша әріптестің міндеттемесі қарастырылмаған (Ереженің 49-тармағы 4-тармақшасы)
2 «Айтуар-МК» ЖШС Мендіқара ауданың Қарасор шатқалы Ереженің 55-тармағына сәйкес келмейді* (құжаттардың болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі: негізгі құралдардың болуы туралы анықтамада берілген күні көрсетілмеген (Ереженің 6-1-қосымшасы); Балық шаруашылығы субъектілерінің даму жоспары бекітіп берудің барлық мерзіміне жасалмаған (Ереженің 47-тармағы 2-тармақшасы); әріптеспен жасалған шартта артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологияларды беру және енгізу және оларды ҚР аумағында енгізу бойынша әріптестің міндеттемесі қарастырылмаған (Ереженің 49-тармағы 4-тармақшасы)

 

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстың

2019 жылғы «18» шілдедегі

№ 4 хаттамасына

3-қосымша

Конкурс қорытындысы бойынша жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілген Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің

ТІЗІМІ

№ р/с Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә Бекітіліп берілетін балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі  

Орналасқан ауданы

1 «Astana Trade Company» ЖШС Тұзкөл көлі Мендіқара ауданы
2 «Astana Trade Company» ЖШС Қарасор шатқалы Мендіқара ауданы
3 «А1 Limited Group» ЖШС Қарасор көлі Бейімбет Майлин ауданы
4 «А1 Limited Group» ЖШС Аласор көлі Бейімбет Майлин ауданы

 

* – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы  № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары