Орман шаруашылығы бөлімінің басшысы(Д-О-3 санаты)

Мемлекеттік қызмет

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттікмекемесі, 110000, Қостанайқаласы, Тәуелсіздік көшесі, 10, анықтамаүшінтелефондар: 8(7142) 54-43-03, факс 54-43-03, электрондықмекенжайы: s.artsybasova@kostanay.gov.kz аталған мемлекеттік органның мемлекеттікқызметшілерініңарасында«Б» корпусының бос мемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуғаішкі конкурс жариялайды:

Орман шаруашылығы бөлімінің басшысы(Д-О-3 санаты),лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына байланысты 109898 теңгеден 148300 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:Бөлім туралы ережеге, бөлім жұмысының жоспарына, лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бөлімнің жұмысын ұйымдастырады. Бөлім мамандарымен атқару тәртібін (лауазымдық міндеттерді, Басқарма басшысы, жоғары тұрған органдар және лауазымдық тұлғалар берген бұйрықтарды, тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау) бақылайды. Бөлім құзыретінің мәселелері бойынша түскен сауалдарға тиісті ақпарат дайындайды. Барлық белгіленген нысандардағы есептілікті уақытылы беруді ұйымдастырады (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық). Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қатысты мәселелер бойынша тиісті органдарға сауалдар жібереді. Бөлім әзірлегеннормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жасайды. Бөлім мамандары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз етеді.Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі ЖАО) қарауындағы мемлекеттік орман қоры, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды қорғау, күзету, молайту және орман өсіру, орман пайдалануды реттеу мәселелеріне жетекшілік етеді. Ормандарды пайдалану жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруын жүзеге асырады; кесулердің ережесін сақтауына, көшеттіктерде жұмыстарды жүргізеді.Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік мониторинг бойынша материалдарының дайындығын ұйымдастырады.Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемесін жобасын әзірлеуге қатысады (түбірімен босатылатын сүректен басқа). ЖАО қарауындағы мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді пайдалануға орман ресурстарын беруге арналған тендерлердің өткізілуін ұйымдастырады және бақылайды.Орман шаруашылығы ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмысын бақылайды және үйлестіреді. Кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімді, бюджеттік бағдарламаларды жасауға және беруге қатысад.

Ішкі конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар:

Білімі бойынша талаптар:

Жоғары білім:ауыл шаруашылығы ғылымдары (орман ресурстары, орман өсірушілік, орман шаруашылығы), техникалық ғылымдар мен технология (өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау), жаратылыстану ғылымдары (экология, биология), құқық.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Құзыреті бойынша талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын)бiлу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстарды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мына құжаттар ұсынылады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш(нысан хабарландыруға қоса берліді);

2) құжаттарды тапсыратын күнге дейінгі отыз күнтізбелік күннен ерте емес тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне құжаттарын электронды түрде “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі не “Е-gov” электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайынажіберілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау немесе шынайы ақпарат бермеу  конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 10 мекенжайы бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде, кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабарландырудан кейін үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Басқарушы лауазымдарға үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Қағидаларда белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Кандидаттар конкурсқа қатысуға жұмсалатын шығындарды (әңгімелесу орнына бару және кері қайту жол ақысы, тұрғын үй-жайды жалға алу, тұру, түрлі байланыс қызметтерін пайдалану) өз есебінен жүргізеді.

Конкурс қатысушылары мен кандидаттар конкурстық комиссиясының шешімін уәкілетті органға немесе оның аймақтық бөлімшесіне, не болмаса сот тәртібі бойынша шағымдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады. Конкурстық комиссия отырысында байқаушы ретінде қатысу үшін тұлға әңгімелесудің басталуына дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін және Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиістілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

 

29.05.2019ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________

______________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *