«ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау нормалары» тақырыбында семинар

Жаңалықтар

2019 жылғы 15 мамырда Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау нормалары» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілерге моральдық-адамгершілік талаптарды арттыруға, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіруге, имиджді нығайтуға және азаматтардың оларға деген сенімін арттыруға бағытталған.

Семинар барысында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормалары және Әдеп жөніндегі уәкілі туралы ереже түсіндірілді.

Қорытындылай келе, мемлекеттік қызметшілердің адалдығы және олардың қызметінің ашықтығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі болып табылатыны атап өтілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *