Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

НҚА

Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504
«Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (2015 жылғы 26 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6073 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

6-тармағының 1-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі),  оның ішінде жеңілдіктері бар тұлғалар Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті толтырудың дұрыстығын және ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес тексереді (бұдан әрі – құжаттар топтамасы), 3 (үш) минут.»;

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қостанай облысының әкімі                                                    А. Мұхамбетов

 


 

 

Қостанай облысы әкімдігі қауылысының жобасына
түсіндірме жазба

р/с
Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі Ескерту
1 Облыс әкімдігі қаулысы жобасының атауы Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи  ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ММ)
3 Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру
4 Жоба Қазақстан Республикасының қандай  заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де актілер мен тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 543 бұйрығы
5 Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері Әкімдіктің қаулысына өзгерістер енгізу
 

6

Жоба қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдары Болжамдамайды

 

7 Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар Қажет етпейді
8 Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері Барлық қажетті бұрыштамалары бар
9 Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданған және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы;

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 317 «Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы;

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 428 «Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы;

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 8 маусымдағы № 273 «Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы;

Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.

10 Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі Жоқ
11 Өзге де мәліметтер Жоқ

 

«Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы                                       М. Шайымов

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *