Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы (18.04.2019 ж.)

НҚА

Қостанай облысы Таран ауданындағы  «Параллель» туристік базасының жер  телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде Қостанай облысы Таран ауданындағы «Параллель» туристік базасының жер телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Таран ауданындағы «Параллель» туристік базасының жер телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.
  3. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                                                    А. Мұхамбетов

 


Әкімдіктің

2019 жылғы «____»_____________
№ _____ қаулысына
1-қосымша

 

Қостанай облысы Таран ауданындағы «Параллель» туристік базасының жер  телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуі

Су объектісі,

оның учаскесі

 

Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуі Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр)
ұзындығы (метр) ені

(метр)

ауданы (гектар) ұзындығы (метр) ені

(метр)

ауданы (гектар)
Қостанай облысы Таран ауданындағы  «Параллель» туристік базасының жер  телімі шегінде, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

 

220 1000 22 177 35 0,6195 160

Ескерту: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары «Қостанай облысы Таран ауданындағы  «Параллель» туристік базасының жер телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жобасы» жобасының картографиялық материалында көрсетілген (су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жобасына тапсырыс беруші – «Рахат-2018» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

 


 

Әкімдіктің

2019 жылғы «____»____________
№ _____ қаулысына
2-қосымша

 

Қостанай облысы Таран ауданындағы «Параллель» туристік базасының жер  телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

 

  1. Су қорғау белдеуінің шегінде:

1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

  1. Су қорғау аймағының шегінде:

1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

 


 

Қостанай облысы әкімдігі қауылысының жобасына түсіндірме жазба

р/с

Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс
мәліметтердің тізбесі

Ескерту

1 Облыс әкімдігі қаулысы жобасының атауы Қостанай облысы Таран ауданындағы  «Параллель» туристік базасының жер  телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи  ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ММ)
3 Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі «Қостанай облысы Таран ауданындағы  «Параллель» туристік базасының жер  телімі шегінде Қаратомар бөгені жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» келісілген жоба негізіндегі «Рахат-2018» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші
4 Жоба Қазақстан Республикасының қандай  заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де актілер мен тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы
5 Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері Жерүсті суларының ластануын, қоқыстануын және тозуын болдырмау
6 Жоба қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдары Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау
7 Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар  

Талап етілмейді

 

8 Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері Барлық қажетті бұрыштамалары бар
9 Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданған және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер Қабылданбаған
10 Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі Жоқ
11 Өзге де мәліметтер Жоқ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *