Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияcы Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясы

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияcы Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын (бұдан әрі – Шекарааралық сулар туралы конвенциясы) 2018 жылғы 10 – 12 қазан аралығында Астана қаласының ЭКСПО–2017 Конгресс орталығында өткізеді.

Бұл жоғары деңгейлі кездесуді Қазақстан Республикасының Үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырады.

Шекарааралық сулар туралы конвенция шекаралық су ресурстарын орнықты пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы ынталандыруға бағыттылған Біріккен Ұлттар Ұйымының заңды және институционалды негізі болып табылады. Бастапқыда Шекарааралық сулар туралы конвенциясы жалпы еуропалық өңір үшін өңірлік негіз есебінде құрылған, бірақ 2016 жылдан бастап өған түзетулер енгізілгеннен кейін ол жаһандық болды.

Тараптар Кеңесі трансшекаралық сулар саласындағы ынтымақтастықтың әр түрлі аспектілерін қарастырады, олар трансшекаралық ынтымақтастықтың басымдылығы, су-азық-түлік-энергия-экожүйе (нексус), климаттық өзгеруіне бейімдеу, апат қаупі және өнеркәсіптік қауіпсіздікті төмендету.

Тараптар Кеңесіне Біріккен Ұлттар Ұйымының 161 мүше-елдері мен
70 халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері шақырылды.

Бұл Тараптар Кеңесіне «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ өкілдері Басқарма басшысы Мұрат Амантайұлы Шайымов және басшының орынбасары Самат Қадыржанұлы Қалиев қатысады.

Қазақстандық қатысушылар трансшекаралық су ынтымақтастығының экономикалық өркендеуі мен қақтығыстардың алдын алудағы маңызы, су ресурстарын тұрақты бөлу және шекарааралық бассейндерде су дипломатиясын дамыту, Шекараарлық сулар туралы конвенциясын жүзеге асырудағы жаһандық стратегиясы және оның 2019-2021 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылауға қатысуға мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ қатысушылар Тараптар Кеңесі шеңберінде ұйымдастырылған су ынтымақтастығының әртүрлі аспектілерін талқылауға арналған жанама
іс-шараларға, су ресурстарын қорғау мен пайдалану саласындағы технологиялар мен озық тәжірибелерге арналған көрмеге қатыса алады.

Іс-шара және оның ұйымдастыру аспектілері туралы қосымша ақпаратты Тараптар Кеңесінің арнайы веб-сайтында – және www.unece.org  орналастырылған.